«Бабалар ерлігі – мәңгі есімізде» атты тарихи-танымдық кеш

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Ә.Б.Қыдыралина мен №2 мектептің тарих пәні мұғалімі Ғ.Қалмырзинаның ұйымдастыруымен Ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі Есет Көтібарұлының (1803-1889жж)-225 жылдығына арналған «Бабалар ерлігі – мәңгі есімізде» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Кештің мақсаты: Баба өмірі, батырлығы, ел қамқоршысы, тірек болғаны, тәуелсіздікті көксегені, халқы үшін жауларына қарсы шапқаны, елінің бірлігін сүйгені туралы оқушыларға үлгі ету, өскелең ұрпақты отанын қорғауға, құрметтеуге, өткен тарихты ұмытпай қадір тұтуға, патриоттыққа баулу. Кешке музей қызметкерлері, ұстаздар, 7 сынып оқушылары қатысты. Слайд арқылы тарихи деректер көрсетіліп, өмірбаяны туралы түсінік берілді.

«Ел қорғаған-Есет баба» атты көрме жасақталып, оған батырдың портреті, мылтығы, баспасөз материалдары, кітаптар қойылып, көрмеге шолу жасалды.