«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық» , — деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, оны сақтап, нығайту үшін білімді, сауатты әрі озық технологиялық үрдістерге, Отанымыздың қуаттылығы жолындағы рухани бірлігін қамтаммассыз етерлік қадамдар мен бағдарламаларға арналған. Әрине, ол алдымен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу керек екендігін аңғартады.
Елімізде жүздеген музейлер жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолында қыруар жұмыс атқарып отырған өткен тарихымыздан сыр шертетін рухани орталыққа айналды. Күн сайын олардың есігін жүздеген көремендеріміз, шетелдіктер ашып, қазақ елінің өткені, бүгіні және ертеңімен танысып, біздің кім екенімізді көріп, көкейіне біз жайлы ұлағатты ой түйіп, қайтып жатады. Сондай мұражайлардың бірі- Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі. Музейдің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі деп бағалаймыз. Алға қойылған мақсат – музей ісімен тереңірек танысып, олардың ұлттық мұраттарымыз бен мүдделерімізге үйлесетін озық үлгілерін өмірге
енгізіп, XXI ғасыр талабына сай келетін музейлер қатарына қосылу, өлке тарихының алтын қазынасын келесі мыңжылдықтарға жеткізу жолындағы қызметтерін жалғастыра отырып, еліміздің биік руханиятын, озық мәдениетін жас ұрпаққа таныту.
Музей сайты ашылды.Қош келдіңіздер!