Этнография — бөлімінде қазақтың ұлттық киімдері, киіз үй жабдықтары, қазақтың белгілі қолөнер шебері Айдос Мұратовтың жасаған бұйымдары: ер-тұрман, адалбақан, ағаш керует, сандық экспозицияда қойылған. Айдос ата Алматыдағы опера және балет театрының безендіру жұмыстарына қатысқан, Күйші Қазанғап Тілепбергенұлымен де кездесіп, домбыра жасап берген. Ұста, зергер Кеңес Орынбаевтың пайдаланған көрігі, ат абзелдері қойылған.
Батырлар
Батырлар — бөлімінде қазақ елінің астанасы болған қасиетті де, киелі Түркістанды жаудан қорғаймын деп Сайрам соғысында опат болған, елдің бірлігін ту етіп ұстаған Тілеу Айтұлы, алдағы мың жылдығын болжап өткен Мөңке Тілеуұлы, Мырзағұл Шыманұлы, Достан би, «Біздің ел отырады Қобда жайлап, Қоңынан жарылады бота-тайлақ, Әлімнің найза ұстаған батырлары, жауына аттанады «Бақтыбайлап» деп, аты ұранға шыққан […]
Өнер
Өнер — бөлімінде татулық пен бірліктің жаршысы болған сазгер Сарышолақ Боранбайұлы, аузы от, тілі орақ, әрі батыр, әрі ақын Сары Батақұлы. Күй жанырында өзгеге ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы, орындаушылық дәстүрі бар күйші Қазанғап Тілепбергенұлы және күйшінің көзін көріп, дәстүрін жалғастырушы шәкірттері Кәдірәлі Ержанов, Бақыт Басығараев, Сәдуақас Балмағанбетов, Нұрболат Жанаманов т.б. Алғашқы мұғалімдер: Спандияр Көбеев, Мейірхан Орынбасаров, […]
0-40 жылдар Шалқар өңірі
0-40 жылдар Шалқар өңірі — бөлімінде өнертапқыш Казанцев Флорентий Пименович ойлап тапқан қуатты тежегіш туралы,1918 жылдардағы азамат соғыс, 1918 жылы жасақталған Әліби Тоғжанұлы Жангелдин керуені, ауыл шаруашылығы, Ұлы Борсық, Кіші Борсық және Қарақұмды қамтыған көлемді кәсіпорын каучук заводы, 1930 жылдары аудан териториясында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, ауданның солтүстік батыс өңірінен көмір қоры табылған, ал 1938 […]
Ұлы Отан соғысы жылдары
Ұлы Отан соғысы жылдарына — арналған бөлімде: Совет одағының батыры І.Үргенішбаев туралы және соғысқа дейін мектепте ұстаздық еткен кездегі, бала кезіндегі пайдаланған заттары экспозицияға қойылған. Даңқ орденінің толық иегері Шамсудин Рафиковтің, басқа да жерлестеріміздің майдандағы ерлігі мен тылдағы еңбегі туралы баяндалады және соғыс жылдарындағы қару — жарақтар, сонымен қатар ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Имамадин […]
Тәуелсіз Қазақстан — бөлімі
Тәуелсіз Қазақстан — бөлімінде ҚР мемлекеттік нышандары мен рәміздеріне арналып бұрыш жасалған. Атақты жерлестеріміз Нәби Жақсыбаев -Қазақстандағы алғашқы түрлі-түсті металургия инженері, Төлепберген Төлебай-экономика ғылымының докторы, профессор, Владимир Михайлович Архипов-генерал-полковник, Тәңірберген Жалмағанбетов-генерал-майор, Төлеубай Төлепбергенов-тарих ғылымының кандидаты, Бегежан Сүлейменов — тарих ғылымының докторы, Төлеу Бәсенов-алғашқы қазақ сәулеткері, Әбдіжәміл Нұрпейісов-№1 қазақ орта мектебінің түлегі, жазушы, Дәулет Үмбетжанов-физика — […]
Табиғат бөлімі
Табиғат бөлімінде — емдік қасиеті бар шипалы суы «Шалқар суы», аң-құстар, шөл-шөлейт аймақтың өсімдіктер дүниесін зерттейтін Арал маңы тәжірибе станциясы, тарихи — табиғи байлық «Ізтас» орналасқан.